Қазіргі таңда жабдықтарды орнату жұмыстары толығымен аяқталды, стансалар кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Ағымдағы жылы Топиха, Калинино, Зимовье, Горная Ульбинка ауылдарында және Аврора стансасында саны аз елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған ауылдарда блокты-модульді станциялар орнатылады. Бұған облыстық бюджеттен 47,5 млн теңге бөлінді.