Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда кәмелеттік жасқа толмаса да ішімдік ішетін жасөспірімдер ұсталып жатыр.

Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы түнгі сағат 23:00-ден көше кезетін 1500-ге жуық жасөспірім анықталыпты. Балаларының қайда жүргеніне бейхабар ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция қызметкерлері биылғы жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішіп жүрген 20-ға жуық жасөспірімді анықтады. Соның бірі – Қызылқоға ауданынан келген 17 жасар бозбала. Ол түнгі сағат 23:30 шамасында «Исатай-Махамбет» алаңында ата-анасыз жүрген. Тексеру кезінде оның масаң күйде жүргені белгілі болды. Ол достарымен бірге сыра ішкенін мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алыс ауданда тұратын ата-анасы ұлының сыра ішіп, мас болып жүргенінен хабарсыз екен. Дегенмен оның ата-анасы шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігімен ескерту берілді. Сондай-ақ аталған Кодекстің 440абының 2-бөлігімен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.