Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Мажарстанның мерейі үстем болды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері су добынан Италияда өтіп жатқан Олимпия ойындарының іріктеу турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы сәтсіз өнер көрсетуде.

Мажарстанның мерейі үстем болды

Жарыстың екінші айналымында жерлестеріміз Мажарстан құрамасымен шеберлік байқасты. Бұл команда өте азулы. Олардың екі дүркін әлем және үш дүркін Еуропа чемпионы деген атағы бар. Айтулы додаларда мажарстандықтар сан мәрте күміс және қола медальді мойындарына ілді. Қатарынан соңғы үш Олимпиадада төртінші орынға табан тіреді. Айтқандай-ақ, бұл бәсекеде қарсыластарымыздың басымдығы анық байқалып, олар 23:6 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық ватерполшылар арасынан Анастасия Мұратәлиева екі гол соқса,  Дарья Рога, Анастасия Еремина, Виктория Хританкова және Анна Турова бір-бір реттен нысананы дәл көздеді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің арулар Италиядағы турнирдің тұсаукесер кездесуінде де ұтылған болатын. Жерлестерімз Грекияға 5:13 есебімен есе жіберді. 21 қаңтарда қазақстандықтар Израиль құрамасымен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар