«ҰКҚМО» КеАҚ Басқарма Төрағасы Есетжан Қосыбаев жаңа тағайындауларға қатысты өз пікірін білдірді: «Кино орталығы жоғары деңгейдегі кино өнімін алуы үшін барлық киножобалардың өндірісіне сапалы мониторинг жүргізуі керек. Сондықтан, біздің алдымызда белсенді тұрде түсірілім алаңдарына шығып, шығармашылық процесті талдау міндеті тұр. Сондай-ақ, біз өтінімдерді беру кезінде бақылау жүргізу тетіктерін әзірлеп, экономикалық құраушыны, яғни берілген өтінімнің сметаға қаншалықты сәйкес келетінін және тағы басқасын қадағалауымыз керек. Осы және басқа да бірқатар міндеттерді орындау үшін Кино орталығының ұжымына бүгін Арман Тұрсынбайұлы Әсенов пен Бауыржан Камалұлы Шүкенов қосылды. Қазіргі таңда біз Директорлар кеңесінің атқаратын рөлін арттыру бағытында жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді. ҰКҚМО басқармасы отандық кинематографты қолдау жөніндегі міндеттермен неғұрлым тиімді жұмыс істеуі керек».
Арман Әсенов пен Бауыржан Шүкеновтің есімдерін Қазақстан кино қауымдастығына таныс.
Актер, продюсер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов өзінің шығармашылық жолында актер және продюсер ретінде 40-тан астам картинада жұмыс істеп үлгерген, олардың көпшілігі тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал.
Әр түрлі жылдары Арман Әсенов «Қазақфильм» киностудиясының продюсері, Максим Горький атындағы балалар және жасөспірімдер фильмдері киностудиясы директорының орынбасары, «Қазкинопрокат» РӨБ бас директоры, «Бәйтерек» продюсерлік орталығының бас продюсері қызметтерін атқарған, ал 2019 жылы «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ басқарған.
Арман Тұрсынбайұлы – ҚР Кинематографистер одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен марапатталған және «Қазақстанның үздік кинопродюсері» атағына ие болған.
«Арман» кинотеатрының атқарушы директоры Бауыржан Шүкенов республикалық коммерциялық кинопрокаттың негізін қалағандардың бірі, сондай-ақ, ол отандық авторлық киноны насихаттау және фестиваль қозғалысын қолдау бойынша сәтті жұмыс жасаған. 2010 жылы Б.Шүкенов Қазақстанда «Бүгінгі француз киносы» фестивалін өткізудің бастамашысы болды, бұл фестиваль көпшілік көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді. Unifrance мемлекеттік агенттігінің қатысуымен өтетін фестиваль бірқатар жарқын премьералармен есте қалып, республиканың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Бауыржан Шүкенов «Өнер мен әдебиеттегі еңбегі үшін» Француз Республикасының орденімен марапатталған.
Оған қоса, Бауыржан Камалұлы Батырхан Шүкенов атындағы қордың Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы болып табылады. Ал 2019 жылдан бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесінің құрамында қызмет еткен.