Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021

Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті

2752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының Вокзал маңы-5 шағын ауданында орналасқан шағын несие беретін кеңсені тонап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті

«Қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» пультіне тонау дерегі туралы хабар түсті. Медициналық маска киген ер адам касса қызметкерін пышақпен қорқытқан. Сөйтіп, касадағы ақшаны қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шарасын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні 10 сағаттан соң ұстады. Күдікті бұрын сотталған, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Шағын несие беретін кеңсе бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған, мұнда күзетші де жоқ. Тонауды мақсат еткен күдікті мұның бәрін алдын ала білген», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.