Футбол • 21 Қаңтар, 2021

«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларуссиялық маман Александр Седнев Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды

Александр 1973 жылы Могилев қаласында дүниеге келді. 1991-2005 жылдар аралығында өз елінің «Днепр», «Торпедо», «Балтика», «Торпедо-МАЗ», «Белшина», «БАТЭ» және «Нафтан» клубтарында өнер көрсетті. Беларусьтің жастар құрамасы сапында сегіз ойын өткізді.

Амплуасы – қорғаушы. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін отанында бірқатар командаларды жаттықтырды. Бірер жыл Қазақстанда еңбек етіп, «Ақтөбенің» бас бапкері болды. Соңғы жұмыс орны Брестің «Рух» клубы.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55