Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021

«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды

385 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды

Алматыда бұл жоба екі жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, адамгершілік қағидаттарын белсенді дәріптеу.

Кеңес барысында жүргізілген жұмыс қорытындылары қаралып, ағымдағы жылға нақты бағыттар белгіленді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді қарсы іс-қимылмен қатар, адалдық пен жауапкершілікті, мемлекеттік қызмет пен жалпы қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауға баса назар аударылады. Алматы қаласының барлық аудандарында аумақтық филиалдар ашылды. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісім» 34 қатысушымен (мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар) жасалды.

Маңызды жобалар қатарында Е-ПИК – Алматы қаласында 836 ПИК-нен 694 ПИК (83 %) электрондық-цифрлық форматта жұмыс істейді.

МИБ-тегі трансформацияға байланысты өзара іс-қимылдың жаңа жүйесі пысықталуда.
«Адал Жол» – Алматы метрополитені жолаушыларының «Алмалы» және «Абай» станцияларында кедергісіз өзіне-өзі қызмет көрсетуі 1,5 жыл ішінде жол жүру талаптарын бұзу деңгейі шамамен 0,04%-ды құрады%.
«Адал Бол» – супермаркеттерде тауарларды сатушының қатысуынсыз сатудың жаңа цифрлық тәсілі 1,5 жыл ішінде сатып алушылардан 36 мыңға жуық оң пікір түсті.

«Акселератор Добра: Izgilik elshisi» Алматының 1,9 мың еріктісі халыққа түрлі әлеуметтік қолдау көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат: жаңа стиль» 1,5 жыл ішінде еңбек және оқу ұжымдарында 2560 адамды тікелей қамти отырып, құқықтық сауаттылық және тұрмыстық саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қатерлері туралы уақтылы хабардар ету бойынша 69 кездесу өтті.

Алматы қаласындағы түрлі нысандарды бюджеттік қаржыландыру бойынша «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» Алматы қаласының ұйымдары 857,7 млрд теңге сомаға өз бюджеттерін publicbudget.kz порталында орналастырған.

«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков Transparency Kazakhstan ҚҚ әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша Алматыдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау жағдайы мен деңгейі айтарлықтай төмендегенін хабарлады.

Пандемияны ескере отырып, «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторингтік топтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ азаматтық белсенділерді тарта отырып, дәріханаларда карантиндік шаралардың сақталуы бойынша тексерулер, медициналық персоналдың, пациенттердің және келушілердің карантиндік шараларды сақтауы тұрғысынан медициналық мекемелердің мониторингі, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұйымдастыру жүргізілді.

Жиын барысында әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Александр Братенковқа алғыс айтып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың атынан алғыс хат табыстап, жаңа қызметіне табыс тіледі. 2021 жылға арналған міндеттерін белгілеп, қалалық басқармалар басшылығы мен аудан әкімдіктеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеңеске қатысушыларға «Алматы – адалдық алаңы» жобасының жаңа басшысы Айнұр Сәбитова, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ұсынылды.