Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс таңғы сағат 07:48 шамасында болған.
«Тонау қылмысына күдікті Атырау қаласындағы Вокзал маңы-5 шағын ауданында орналасқан №16 көп қабатты үй маңында 35 жастағы азаматшаға күш көрсетіп, қолындағы сөмкесін тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Жәбірленушінің сөмкесінде 3000 теңгесі, «Samsung» ұялы телефоны, әмияны болған» -деп хабарплады департаменттің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері санаулы минутта жақын маңнан 26 жастағы күдіктіні айғақ заттармен ұстады. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы, 2-бөлігінің 1 тармағымен тергеу басталды.