Ресей спортшысының көрсеткіші – 45.41,8. Бұл жарыста Логинов барлық оғын нысанаға дәл тигізді. Екінші орынды норвегиялық ШтурлаЛегрейд иеленді. Ол топ жарған саңлақтан 58,5 секунд қалып қойды. Скандинавия сайыпқыранның екі оғы далаға кетті. Үшінші сатыға франциялық Кантен Фийон Майе жайғасты.
Өкіншіке қарай, қазақстандық өрендердің барлығы да тым нашар өнер көрсетті. Жерлестеріміздің арасында ең үздік нәтиже Александр Мухинге тиесілі. Ол 88-орынды қанағат тұтты. Ал Данил Белецкий 92 сатыға тұрақтады.