Спорт • 22 Қаңтар, 2021

Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда су добынан Олимпия ойындарының іріктеу турнирінің топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады

Бастапқы қос кездесуде Грекия мен Мажарстаннан ұтылған Қазақстанның әйелдер құрамасы соңғы бәсекеде Израиль ватерполшыларымен тең ойнады. Есеп – 7:7. Нәтижесінде қызадырымыз өз тобында үшінші орынды иеленді. Енді ширек финалда жерлестеріміз Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасады.

Бірден айта кетейік, Нидерланд өте мықты қарсылас. Олар 1991 жылы әлем чемпионы атанса, 1986, 1994, 1998 және 2005 жылдары күміс медальді иеленді. Еуропа біріншілігінде бес мәрте топ жарып, төрт рет финалда ойнады. Тағы үш рет қолаға қол созды. Сондай-ақ, 2008 жылы Бейжіңде Қызғалақтар елінің қыздары Олимпия ойындарында алтыннан алқа тағынды.