Саясат • 25 Қаңтар, 2021

Қызметтердің қолжетімділігі оң бағаланды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰ ДБ) тұрақты өкілі Якуп Бериштің қатысуымен «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасын басқару жөнінде онлайн отырыс өтті. Онда үш жылдық бірлескен жобаны іске асырудың қорытындылары шығарылды.

Қызметтердің қолжетімділігі оң бағаланды

Онлайн-отырыс барысында Анар Жайыл­ғанова Якуп Беришке сындарлы ынтымақ­тастығы үшін алғыс айтып, өткен жылы бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып өтті.

«БҰҰ ДБ-ның қолдауымен өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау, мемлекеттік қызметшілердің этикалық дең­гейін қоғамның қабылдауы, iQyzmet плат­фор­масының қанатқақты нұсқасын әзірлеу бағы­тында семинарлар мен зерттеулер өткізу жобалары іске асырылды», деді агенттік төрағасы.

Атап айтқанда, БҰҰ ДБ қолдауымен мем­­ле­кеттік қызметшілердің әдептілік дең­­гейін анықтау үшін 7000 респондент және мемлекеттік қызметтердің 70 түрінің сапа­сы мен қолжетімділігі бойынша қызмет алу­шы­­лардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін 9181 респонденттен сауалдама алынып, нәти­жесінде тұрғындардың қанағаттануының орташа деңгейі 75,1 пайызды құраған.

Цифрлы форматта мемлекеттік қыз­мет­терді алуда тұрғындарға практикалық көмек көр­сету үшін 400 еріктінің қатысуымен ұсы­ным­дар әзірленіп, арнайы желі қалыптас­ты­рылған.

БҰҰ ДБ қолдауымен Президенттік жас­тар кадр резервін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің IT-архитектурасын құру мен тех­никалық жабдықталуын қамтамасыз ету бойын­ша жобалар жүзеге асырылуда.

Якуп Бериш агенттіктің COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі маңызды үйлес­тіру­шілік рөл атқарып, мемлекеттік органдармен бірлесе іс-қимыл жасай отырып, төнген сын-қатерлерге қарамастан, мемлекеттік қыз­мет көр­сетудің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін қамтамасыз еткенін атап өтті.

Тұрақты өкілдің айтуынша, пандемия цифр­лы қызметтердің маңыздылығын көр­сетті. «Қазақстан осы бағытта жетекші елдер қа­тарында елеулі рөл атқарады және БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі өз тәжірибесімен бөлісуге дайын», деді ол.

Якуп Бериш Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өзара сенімге, түсіністікке және синергияға негізделген тиімді әріптестік үшін алғысын білдіріп, оның алға қойған басымдықтары елдің тұрақты дамуына бағытталған БҰҰ ДБ мақсат-міндеттерімен сәйкес келетініне сенім білдірді.

Онлайн отырыс соңында Анар Жайылғанова агенттік БҰҰ ДБ-мен серіктестік көкжиегін одан әрі дамыта беретінін мәлімдеді, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше