Бұл шығыс және кіріс хаттарды цифрландыруға, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен интеграцияны жүргізуге, орталық аппарат пен филиалдар арасында электрондық құжат айналымын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда электронды құжат айналымы жүйесіне орталық аппарат пен филиалдардың 115 пайдаланушысы қосылған.
Бұл жүйені енгізу жедел құжат айналымына пайдаланушылар жұмысының тиімділігін, жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға, сондай-ақ орындаушылық тәртіпке бақылауды енгізуге ықпал етті.
Осылайша, ұйымда қағаз құжат айналымы алынып тасталды, ал мемлекеттік органдармен хат-хабар алмасу "Documentolog" ЭҚЖ-ны МО ЭҚАБЖ жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымның бизнес-процестерінің тиімділігін арттырудың келесі сатысы "Documentolog"кезең-кезеңімен енгізу көзделген кәсіпорынның филиалдарын ЭҚЖ-ға қосу болады.
«Қазсушар» РМК-ны ЭҚЖ функционалы бар акционерлік қоғамға трансформациялау шеңберінде кадрлық және қаржылық құжат айналымын енгізуді кеңейту жоспарланған.