Әуе бортында пилоттан басқа «Пальмастың» төрт ойыншысы – Лукас Пракседес, Гильерме Ноэ, Рануле және Маркус Молинари, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра да болған деседі.
Жоспар бойынша дүйсенбі күні команда Вила Нова клубына қарсы матч өткізуі керек еді.
Айта кетсек, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден апатқа ұшыраған.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан кейін тірі қалғандар жоқ. Әзірге апаттың себептері әлі анықталмай отыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ