Оқиға • 25 Қаңтар, 2021

Интернет арқылы көлік алмақ болған Петропавлдық ақшасынан айырылды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл тұрғыны интернет арқылы автокөлік сатып алмақ болып, 500 мың теңгесінен қағылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Интернет арқылы көлік алмақ болған Петропавлдық ақшасынан айырылды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 40 жастағы тұрғыны интернет арқылы «Hyundai Sonata» автокөлігін сатып алмақ болады. Сатушының ұсынысымен алдын ала 500 мың теңге төлем жасайды. Ақша қолына түсісімен-ақ алаяқ байланысқа шықпай қойған.

Зардар шегушінің айтуынша, «сатушы» оған басқа сатып алушының пайда болғанын айтқан. Психологиялық тәсілді қолданып, әйелінің еміне шұғыл қаражат қажеттігін жеткізген, сол үшін алдын ала төлем жасауды сұраған.

Аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Интернет арқылы сауда жасаған кезде сатылатын затты видеоға түсіруді сұраған жөн. Тексеру үшін нақты бір бөлшектерді көрсетуді сұрау қажет. Сатушы күмән тудыратын болса, алдын ала төлем жасауға келіспеу керек», - дейді Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Жалпы 2020 жылы СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 171-і алдын ала төлемді талап етумен байланысты болған.

Аида ОРАЛБЕК