Парламент • 25 Қаңтар, 2021

Сенаторлар нотариат туралы заң жобасын қарайды

5 рет көрсетілді

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Парламент депутаттары бастамасымен әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайтын болды. Құжат нотариат қызметін одан әрі цифрландыруға және азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге бағытталып отыр. Сондықтан нотариат құпиясын сақтауға қойылатын талаптар да күшейе түсетін болады.

Депутаттар сондай-ақ "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарауға шығарды. Құжат Еуразиялық экономикалық комиссияға энергетика, техникалық реттеу, макроэкономика, бәсекелестік және ветеринария салаларында қосымша өкілеттіктер береді.

Сенаторлар сонымен қатар "2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы" заң жобаларын да талқыға салады.

Сондай-ақ сенаторлар Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Татьянаның тәтті жымиысы

Руханият • Бүгін, 08:39

Аспандағы Ардана

Қоғам • Бүгін, 08:39

Суперкубок кімге бұйырады?

Спорт • Бүгін, 08:35

Сөз сойыл №101

Қоғам • Бүгін, 08:23

Қағидаты – қарапайымдылық

Қоғам • Бүгін, 08:17

Нәзік те ержүрек арулар

Қоғам • Бүгін, 08:16

«Алтын алқалы» Айым

Аймақтар • Бүгін, 08:14

Өлеңдер топтамасы

Руханият • Бүгін, 08:09

Жұрт іздеген Жібек

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Үміт шоғын маздатқан

Қоғам • Бүгін, 08:05

Биіктен қарайтын бибі

Қоғам • Бүгін, 08:04

Мейірім

Руханият • Бүгін, 08:02

Білікті басшы, білімді маман

Аймақтар • Бүгін, 08:01

Тағылымы терең кәсіп иесі

Руханият • Бүгін, 07:54

Ғылым әлемін әрлегендер

Руханият • Бүгін, 07:51

Рухани тәуелсіздік бастауы

Руханият • Бүгін, 07:46

Бақытын «Баян сұлудан» тапқан

Аймақтар • Бүгін, 07:44

Полковник ханым

Руханият • Бүгін, 07:41

Әлихан және Алаш аңсары

Руханият • Бүгін, 07:38

Теріскейдің Самалы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар