16 Желтоқсан, 2013

Ақтөбеде бас полицей өз қызметкеріне қол көтерді

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16 12-polesАқтөбе қалалық ішкі істер департаментінің бастығы, подполковник Қайрат Мырзабековке қызмет бөлмесінде қарамағында істейтін полицей қызды ұрды деген айып таңылып жатыр. Бұл туралы «Диапозон» газеті жазды.

Басылым бетінде жазылғандай, инцидент 24 қараша күні орын алған. Осы оқиғаға байланысты біраз жарақтат алған 30 жастағы полицей қыздың ауруханаға түскендігі туралы ақпар жергілікті жерге лезде тарап кетті. Артынан облыстық ішкі сітер департаментіне өзінің бастығының үстінен арыз жазғаны мәлім болды. Полиция басында бұл оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне түсініктеме беруден бас тартыпты. Желтоқсанның 6-сы күні ғана шағын хабар айтылды.

«Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен ішкі қауіпсіздік басқармасы айналысып жатыр. Қылмыстық істің бүге-шігесі тергеу мүддесіне байланысты құпия ұсталады», – деді полициядағылар.

Ресми емес дерек көздері қаланың бас полицейін қамау жөнінде сот санкцияға қол қойғанын алға тартады. Ал қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі бастықтың емделіп жатқанын мәлімдеген.

Бұл аралықта соққы алған қыздың жансақтау бөліміне түсіп қалғаны, оның есігін екі полицейдің күзетіп отырғаны туралы да қауесет тарады. Алайда, аурухана дәрігерлері осы айтылғанды жоққа шығарды. Олар қыздың бір күннен кейін-ақ ауруханадан шығып кеткенін жеткізіпті.

Қайрат Мырзабеков Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасына полковник Есен Есмаханов зейнетке кеткеннен кейін, былтырғы жылдың қазан айында бастық болып келген. Бұған дейін Хромтау аудандық ішкі істер бөлімін басқарған екен.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Диапозон» газеті.

Соңғы жаңалықтар