Айтулы додаға Жамбыл облысының өрендері жақсы даярлықпен келген екен. Олар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. 2 алтын, 1 күміс және 3 қоланы олжалаған Алматы қаласының сайыпқырандары екінші сатыға табан тіреді. Үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы. Кеңді Алтайдан келген былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 1 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.
Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша мына боксшылар жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді: 46 кило – Ернар Қарап (ШҚО), 49 кило – Кенже Маратұлы (Алматы облысы), 52 кило – Жандос Жұмабаев (Шымкент), 56 кило – Әбдіғалым Әбдікәрім (Түркістан), 60 кило – Елнұр Сүйінбай (Жамбыл), 64 кило – Бауыржан Сәтжанов (ШҚО), 69 кило – Армат Арманұлы (Алматы қаласы), 75 кило – Сұлтан Бабаханов (Жамбыл), 81 кило – Темірлан Мұқатаев (Нұр-Сұлтан), 91 кило – Мәди Әміров (Алматы қаласы) және +91 кило – Даниял Сапарбай (Түркістан).