Спорт • 26 Қаңтар, 2021

Кобидің қазасы

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл бір жыл бұрын, яғни 2020 жылдың 26 қаңтарында әйгілі баскетболшы Коби Брайант қайтыс болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кобидің қазасы

АҚШ-тың Филадельфия қаласында дүниеге келген Коби әлемдік баскетбол тарихында өшпес із қалдырды. Өзінің спорттық карьерасын ол тек бір ғана команданың сапында өткізді. Атап айтсақ, 20 жыл бойы «Лос-Анджелес Лейкерстің» намысын қорғады. Айтулы командамен бірге Брайант Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) бес дүркін чемпионы атанды. 18 рет «Жұлдыздар матчына» қатысты. Америкалық баскетболшы 30 мыңнан аса ұпай жиған ҰБҚ-дағы бесінші ойыншы. Оған дейін бұл белес Уилт Чемберлен, Кәрім Абдул-Джаббар, Кара Мэлоун және Майкл Джорданға ғана бағынған. 

Коби Брайант «Лос-Анджелес Лейкерстің» сапында өткізген 20 маусымда 1346 рет алаңға шығып, 33643 ұпай жиды. Әр ойында орта есеппен 25 ұпайдан еншілеп отырды. Сондай-ақ, ол АҚШ құрамасы сапында Бейжің мен Лондонда алауы тұтанған Олимпия ойындарында бас жүлдені олжалап, Америка чемпионы атанды.

 

2020 жылдың 26 қаңтарында Брайант өзінің жеке тікұшағымен 13 жасар қызын алып, серуендеуге шығады. Лос-Анджелестің іргесіндегі Калабасас қаласының маңында тікұшақ апатқа ұшырайды. Қызы да, өзі де сол жерде тәсілім етті. Коби небары 41 жаста еді...  

Соңғы жаңалықтар