«Пандемия және электронды қызметтерге сұраныстың өсуі жағдайында Ұлттық банк цифрландыру мен қаржылық технологияларды белсенді түрде дамытты. Цифрлық қызметтер үлесін арттырған жаңа сервистерді енгізумен бірге Ұлттық банк қаржылық технологиялар мен ұлттық төлем жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық құжатты қабылдады», деді Е. Досаев.
Ерболат Досаевтың айтуынша, пандемия Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауды бастай отырып, барлық елдің экономикасына әсер етті. Негізгі дамушы елдердің ішінде экономиканың өсуі жалпы ішкі өнімі Қытайда ғана өскен – 2,3%-ға, бірақ онда соңғы 45 жылдағы ең төменгі деңгей тіркелді.
«2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2%-ға дейін қалпына келуі күтілуде, алайда тұрақсыз эпидемиялық жағдайға, сондай-ақ вакциналау процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне байланысты неғұрлым баяу қалпына келу тәуекелі сақталып отыр», деді Ұлттық Банк басшысы.