Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Атырауда үш мас әйел төбелес шығарды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда мейрамхана алдында төбелес шығарған үш мас әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда үш мас әйел төбелес шығарды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 қаңтарда түнгі сағат 03:29 шамасында болыпты.

«Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» мейрамхана алдында 32, 33 және 28 жастағы үш әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» мейрамханасында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды наркологиялық сараптамадан өткізіпді. Сараптама нәтижесінде үш әйелдің   жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып,  сотқа жолданды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Ал кешкі сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантиндік шектеу режимін сақтамаған «Vivaldi» мейрамхана-барына қатысы жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше