Ветеринарлардың айтуынша, үй жануарлары вирусты тасымалдай алмайды. Сондықтан індет жұқтыру мүмкін емес.
Пандемия басталғаннан бері иесіз қалған жануарлардың арнайы баспаналары мен орталықтары толып кеткен.
Белгілі болғандай, мысықтарда коронавирус 2007 жылдан анықталған. Осы орайда ветеринарлар олар қазір де ауырғанымен, бірақ оның адамға жұғуы мүмкін еместігін айтып өтті.
Дегенмен, қазақстандықтар өз мысықтары мен иттерін далаға жіберуді немесе жануарлар баспанасына беруді жалғастыруда.
Айта кететін жайт, иелері үй жануарларына екпе жасата алады. Мамандардың айтуынша, жануарларға арналған коронавирустық вакцина бұрыннан бар.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ