Бұған дейін Шымкент циркі алдағы уақытта жануарларсыз өнер көрсететіні туралы ақпарат таратқан едік. Анықталғандай бұл тек наурыз айындағы қойылымға ғана айтылған мәлімдеме болып шықты. Одан кейінгі шоу бағдарламалар қалалық цирк жануарларының қатысуымен өте береді.
Цирк басшылығының айтуынша, олардың жануарлармен жұмыс істеуден бас тартатын ойлары жоқ. Мұнда аңдар үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған.
Цирк әкімшілігі қазір жаңа нөмірлер мен үлкен шоу дайындалып жатқанын да атап өтті. Мамандардың айтуынша, цирктен тыс жерде жануарлар ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені олар өздерін жаттықтырушы иелеріне бауыр басып қалған.
Аида ОРАЛБЕК