Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Whatsapp мессенджері арқылы вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін түрлі преперат дәріханалардан алынып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Бұл деректі  облыстық денсаулық басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау  бөлімінің басшысы Нина Оспанова жоққа шығарып отыр.

Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар

«Әлеуметтік желіде таралған ақпарат жалған. Керісінше, өңірде коронавирус инфекциясының күн санап көбеюіне байланысты індеттің алдын алу шараларын қатаңдату кезінде дәрілік қорды қайта қарау, толықтыру жұмыстары жүргізілуде» дейді Нина Оспанова.

Оның айтуынша, қазір облыста жеке қорғаныш құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры сақтаулы тұр. Оның ішінде вирусқа қарсы амбулаториялық жағдайда ем қабылдауға арналған 189 мыңға жуық медициналық преперат пен инфекциялық стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар.