«Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модемі, құлаққаптар мен қуаттандырғыш құрылғылар табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ұсталған азаматтар бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген екен. Ал бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады», дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.