Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл жолмен табыс табуды көздеген әйел өзгенің қалтасына сұғанақ қолын салуды кәсіп етіпті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қолының сұғанағы бар әйел биылғы 4-15 қаңтарда  фитнес орталықтың бірінен бірнеше рет ақша ұрлапты.  

Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды

«Атырау қалалық полиция басқармасына Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан фитнес орталықта жаттығатын 5 жігіт қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірді. Оларға келтірілген қаржылай шығынның көлемі 159 000 теңгені құрады. Осыған орай тексеру жүргізген полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 31 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Күдікті  арызданушылардың ақшасын жымқырып келген», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1  және 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар