Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Вице-министр вакцинаны салуға болмайтын санаттарды атады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинаны салуға болмайтын санаттарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр вакцинаны салуға болмайтын санаттарды атады

Марат Шоранов вакцинаны бауыр мен бүйректің созылмалы ауруы барларға, қант диабеті сынды эндокриндік жүйенің айқын бұзылысы байқалғандарға сақтықпен қолдану қажеттігін ескертті.

«Қан түзілу жүйесінің ауыр сырқаттарында, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа ауруларында, жүрек-қантамыр жүйесі дерттерінде, бастапқы және қайталама иммун тапшылығы мен аутоиммунды, сондай-ақ, демікпе және созылмалы обструктивті өкпе ауруларында сақтық таныту қажет. Диабетпен және метаболикалық синдром, атопия мен экзема аллергиялық реакциялары, сондай-ақ қатерлі ісік, қатерлі қан аурулары бар науқастарға вакцина саларда ағза жағдайын жекелей қарастыру керек. Яғни, бұл жағдайлар абсолютті қарсы көрсетілімдерге жатпайды және вакциналау кезінде әр науқастың жалпы жағдайына қарай байланысты дербес тағайындалуы тиіс», деді ол.