Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Вакцинация туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинация туралы жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинация туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Мемлекет басшысының иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR – кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады.

«Бұл вакциналанған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге болады», деді вице-министр.

Сондай-ақ ол вакцинация кезінде «чиптеу» туралы сөз етті.

«Чиптеу» туралы сұрақтардың қойылатынын алдын ала біле отырып,  бұл осындай фэйкті жариялайтын вакцинациялауға қарсыластардың негізсіз мәлімдемесі екенін атап айтамын. Сондай-ақ, қазірдің өзінде вакцинация басталғанға дейін вакцинациядан кейінгі қолайсыз көріністер туралы жалған ақпарат таратылып жүр,  сондықтан, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік (3000 АЕК-тен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру) көзделгенін еске салғым келеді», деді ол.