Биыл еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы Қазақстан Парламентіне – 25 жыл. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрынғы КСРО құрамында болған республикалармен экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан елімізде орын алған дағдарысты еңсеру және төл экономикамызды қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды. Бұл көптеген өнеркәсіп орындары жұмысын тоқтатып, жұмыссыздық көбейген, халық үшін ауыр соққан уақыт еді. Дәл осы кезде Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев қолға алған түбегейлі экономикалық реформалардың заңнамалық негізін қалауда аса маңызды рөл атқарды.

Осы кезеңде Қазақстандағы кіші және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Өндірісті қолдауда бірқатар заңнамалық, нормативті-құқықтық актілер қабылданды. Ауыл шаруашылығындағы, өнеркәсіптегі жекеменшік – нарықтық жолға түскен еліміз үшін тың үрдіс болды. Алғашқы уақытта экономикада қаржылық ресурстың жетіспеушілігі өткір сезілді. Өндірісте айналым қаражатының үлесі төмендігіне қарамастан, көптеген проблеманың шешімін бірден табуға тура келді.
Елбасының бастамасымен қабылданған сол кездегі реформалар нәтижесін берді. Экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы қолдау, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген маңызды шаралар уақтылы ұйымдастырылды. Кәсіпкерліктің қалыптасуы оңайға соққан жоқ: әр жасалған қадам мемлекеттің бақылауында болды. Кіші және орта кәсіп үшін бұл ауыр кез еді. Осыған орай, Елбасымыз кіші және орта кәсіпті тексеруге мораторий жариялады. Бұл шешім Парламенттен қолдау тапты және экономикалық реформаны іске асырудың көптеген жаңа тетіктері қалыптастырылды. Солардың бірі әрі бірегейі – «Бизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы Парламент енгізген заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде табысты іске асырылды. Аталған бағдарламада кіші және орта кәсіптің, кәсіпкерлік пен микробизнестің дамуына қажетті құралдар қарастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып жүрген кезімде мен көршілес Ресей Федерациясының Тюмень облысының губернаторы В.Якушевтің шақыруымен «Кіші және орта кәсіпті қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатыстым. Оның модераторы ретінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағасы Е.Нарышкин сөз сөйледі. Екі жүзге жуық адам жиналған кездесуде Тюмень облысының инвесторларынан бөлек, шетелдік азаматтар да жиналған салиқалы аудитория болды. Губернатордың кіріспе сөзінен кейін, келесі сөз кезегі маған берілді.
Мен ресейліктерге Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғанын айттым. Даму қорының несие алу үшін 50-85 пайызға дейін кепілдік мүлікті субсидиялауға құқығы және инвестициялық жобаларға 5-7 пайыздық несие беруі туралы ақпараттармен бөлістім. Сөзімнің барысында аудитория жанданып кетті. Тіпті дөңгелек үстелге қатысушылардың бірі Ресей Федерациясында менің айтқаныма ұқсас бағдарлама енгізуді ұсынды.
Өз басым автомобиль жолдары инженер-құрылысшы маманы ретінде біздің Парламент автомобиль жолдарын дамытуға қажетті заңнамалық база жасады деп сеніммен айта аламын. Өйткені өткен ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздегі автомобиль жолдарын жөндеуге 10 жылдай уақыт қаржы бөлінбей қалғаны есімізде. Соның салдарынан жолдардың жағдайы нашарлап кетті. Осыған орай 2001 жылы Парламент «Автомобиль жолдары туралы» заңды қабылдады. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, мемлекеттік желілік ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталды. Осы кезең аралығында елімізде алғашқы сапалы әрі қауіпсіз автобандар пайда болып, республикалық маңызы бар жолдардың 80 пайызы қалпына келтірілді. Бұрын қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны Бурабай курортына бару да қиын болғаны жадымызда. Қазір оны ең жақсы жол ретінде үлгі етеміз. Жол жөндеу Астана-Алматы бағытынан басталып, Павлодар, Көкшетау, Қостанай жолдарын жаңғыртуға жалғасты. Кейінгі жылдары да еліміздің автомобиль жолдарын жақсарту ісі заңнамалық тұрғыдан уақтылы да сапалы қамтамасыз етіліп, бірқатар реформа жүзеге асты. Соңғы кезеңде қолданыстағы заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілді.
Қазақ жері ұлан-ғайыр. Жетпіс мың шақырымға жуық жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу қазіргі таңда қолға алынып, Парламент алыстағы елді мекендерге апаратын жолдарды қалпына келтіруге барынша жағдай жасады.
Ширек ғасыр ішінде Парламент ауқымды заңнамалық база жасап, еліміздің ілгері дамуына аса қажетті заңдарды қабылдады. Олардың ішінде Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Әкімшілік, Салық, Кеден кодекстерін атап өткен жөн. Жалпы, қазақстандықтардың өмірінің барлық саласының жақсаруына Парламенттің қосқан үлесі зор.
Бұл туралы еліміздің Президенті Қ.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз», деп атап өткен болатын. Жолдауда еліміздің саяси жүйесін дамытуда «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы ұсынылып, осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет екені айтылған болатын. Бұл саяси жүйе формуласы – мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.
Бүгінгі Парламентте мемлекетіміздің дамуына, еліміздің саяси-экономикалық өркендеуіне аса қажетті сапалы заңдар қабылданып келеді. Тек өткен жылдың өзінде еліміздің заңнамалық базасы нығая түскені кәміл. Ол туралы Сенат Төрағасы М.Әшімбаев: «Парламент жыл бойы Мемлекет басшысының реформаларын және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарды. Жалпы, биыл Парламент 110 заң қабылдады. Оның 30-ға жуығына Парламент депутаттары бастамашы болды», деген болатын.
Мұның өзі депутаттардың қарқынды қызметінің көрінісі екені даусыз. Экономиканы қалпына келтіру, бизнесті қолдау және азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша көптеген заң қабылданды. Бұл туралы Сенат басшысы «Жұмысымыздың негізгі басымдығы – ел экономикасын өркендету және халықтың әл-ауқатын арттыру» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ Парламентте демократиялық процестерді нығайтуды, адам құқықтарын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды көздейтін бірқатар құжат қабылданды. Әрине, ауылдық жерлерді дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері де күн тәртібінен түскен емес. Өткен жылы Сенатта ұйымдастырылған бірнеше Парламенттік тыңдау осы маңызды бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нақты көрінісі болып табылады.
Таяуда ғана сенаторлар еліміздің аймақтарында жұмыс бабындағы сапарда болып, жергілікті жерлерде заңдардың орындалу, реформалардың жүзеге асырылу барысымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Өңірлердегі тұрғындардың айтқан талап-тілектері мен ұсыныстары заң жобаларын талқылау барысында ескерілетін болады. Мемлекетіміздің даму қарқыны мен экономиканың өркендеуіне сай қолданыстағы заңнамаға да тиісті өзгерістер енгізіліп, жетілдіріліп отырады. Заңдар заман талабына сай болуы керек. Бұл – біздің басты міндетіміз.
Ерік СҰЛТАНОВ,
Парламент Сенатының депутаты
Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»
Руханият • Бүгін, 08:18
Руханият • Бүгін, 08:17
Халықаралық турнирлерге қатысады
Спорт • Бүгін, 08:16
Спорт • Бүгін, 08:15
Спорт • Бүгін, 08:14
Карантин құрсауы сөгіле бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Қоғам • Бүгін, 08:08
Экология • Бүгін, 08:08
Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Әдебиет • Бүгін, 08:03
Қоғам • Бүгін, 08:00
Театр • Бүгін, 07:56
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:53
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 07:51
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Қоғам • Бүгін, 07:50
Зауыт жұмысшылары далада қалмайды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:43
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Қоғам • Бүгін, 07:41
Әлем • Бүгін, 07:39
Цифрлы өзгерістің жеңімпаздары мен жеңілгендері
Технология • Бүгін, 07:38
Бес жылда агросекторға 4 трлн теңге тартылады
Экономика • Бүгін, 07:36
Бауырластық байланыстар беки береді
Президент • Бүгін, 07:32
Аймақтар • Бүгін, 07:12
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 07:11
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар