Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қаражанбас кен орнында жаңа өндірістік базаны пайдалануға тапсырды. Нысан 250 автокөлік пен арнаулы техникаға заманауи қызмет көрсетуге арналған. Су жаңа база «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету (ТКжҰҚК)» ЖШС-нің жұмысшыларына қызмет көрсететін болады. Оның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен ардагер мұнайшылар және базаның жұмысшылары қатысты. «Наурыз айында басталған құрылыс ұлы мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Бұл өндірістік база соңғы үлгімен жабдықталған, мамандардың барлығы өзге қалалардан білімдерін жетілдіріп, оқып келді. Толыққанды жұмыс істеуге мұнда жан-жақты жағдай бар. Бұл нысан «Қаражанбасқа» ғана емес, басқа да мұнай компанияларына қызмет көрсететін болады. Болашақта осындай үлкен базаны Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ жанынан ашуды да жоспарлап отырмыз», – дейді облыс басшысы Алик Айдарбаев.

Өндірістік база қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы автокөлік құралдары мен арнаулы техникаларға орталықтандырылған сапалы сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек ету жағдайын жақсартуға арналған. Оның құрылымына жеңіл, ауыр автокөліктер және автобустар цехы, бастырма қалқандар, қоймалар, жанармай сақтайтын қойма, автокөлік жанар-жағармай құю стансалары кіреді. Сонымен бірге, мұнда су дайындау және өрт сөндіру жүйелерімен де толық қамтылған екен.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндірісті жаңғырту бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Мұнда қызмет көрсету деңгейі еуропалық стандарттарға сай келеді. Осындай жаңалық жұмысшыларды қуанышқа бөлеп отыр.
– Міне, бүгін көптен күткен базамыз ашылды, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Нысан мұнай өндіру саласындағы техникаларға қызмет көрсетеді. Мұнда 160-қа жуық техника бар, 500-ге тарта жұмысшы екі ауысымда қызмет етеді. Барлық техника соңғы үлгімен жабдықталған. Ал бұл құрылғылармен жұмыс істейтін жұмысшылар Алматы қаласына барып оқып келді, – дейді технологиялық көлік цехының басшысы Бердіхан Әрешов.
Диагностикалау цехында автомобильдердің, олардың агрегаттары мен тораптарының техникалық жағдайына бағалау жүргізіледі. Тұтастай алғанда, автокөліктің де, оның бөліктерінің де ақаусыздығы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру, ақауларды іздеу, жекелеген бөліктер мен жалпы алғанда автокөліктің қалдық ресурстарын анықтау үшін бастапқы деректер айқындалады. Мұнда жоғарғы қондырғылардың жөндеушісі болып қызмет ететін Сәндіғали Қосыбаев бұл құрылғылармен жұмыс істеу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін айтады. Осы салада 32 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Сәндіғали да Алматы қаласынан білімін жетілдіріп келген екен.
– Жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істеп жатырмыз. Ескі мен жаңаның арасында біраз айырмашылық бар. Бұрын бәрін қолмен жасайтынбыз, қазір құралдардың арқасында жұмыс біраз жеңілдеді, – дейді Сәндіғали Қосыбаев.
Сағындық РЗАХМЕТОВ.
Маңғыстау облысы.