Коронавирус • 28 Қаңтар, 2021

Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДСМ 2021 жылдың 28 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр

28 қаңтардағы мәлімет бойынша,  27 348 адам короновирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 274 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.