Руханият • 28 Қаңтар, 2021

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтың дәстүрлі «Самалтау» әнін украин тілінде орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады

Қазақтың дәстүрлі әні «Самалтауды» Димаш алғаш рет 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалінде орындаған болатын.

Сондай-ақ әнші бұл әнді жақында АҚШ президентінің ұлықтау рәсімінде айтқан болатын.

Қазақтың ұлттық аспабы – қобыздың сүйемелдеуімен шырқалып, иттердің үні, құстардың шуылы, даланың әуезі естілетін ән қазақ халқының тарихына сапар шектіргендей болады. Әнге Димаштың шетелдік тыңдармандарының құмартқаны соншалық – оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер шырқай бастады.



Соңғы жаңалықтар