Қоғам • 28 Қаңтар, 2021

Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес, Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Онда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемелердегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

Қаулы 2021 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.