Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021

Қазақстанның жеті қаласына ұшуға тыйым салынды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Аэрофлот» әуекомпаниясы пандемияға байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ұшу бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның жеті қаласына ұшуға тыйым салынды

28 наурыз бен 30 сәуір аралығында Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларына рейстер тоқтатылады.

«Әуекомпания сайты немесе байланыс орталығы арқылы аталған бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға билет ақысы төлеу нысаны және қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде қайтарылады. Әуе билеттерін «Аэрофлот» сату кеңсесінен немесе агенттіктен сатып алған жолаушылар ақшасын қайтару мәселесі бойынша сатып алған орнына хабарласуы қажет», деп хабарлады компания.