Елорда • 28 Қаңтар, 2021

Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты автобустар жұмысы уақытша тоқтатылады. Ал дүйсенбі күні барлық бағдарлар штаттық режимде қатынай бастайды.

Еске сала кетейік карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.