Технология • 29 Қаңтар, 2021

«E-Salyq Azamat» қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобилді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«E-Salyq Azamat» қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап салық кезеңдері бойынша қолжетімді.

Деректерге қолжеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе SMS пароль арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS мобилді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бөлігіне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Бастапқы кезеңде мына жеке тұлғалар аталған деректерді қарай алады:

- жұмыс берушілер бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданса;

- немесе жұмыс берушілер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданса.

Мәліметтер болмаса немесе деректер сәйкес келмесе, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

МКК «E-Salyq Azamat» тегін мобилді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» - тен жүктеуге болатынын еске салады.