Қазақстан • 01 Ақпан, 2021

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Вице-министрлерге ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтті және вакцинаға қарсы көрсетілім жоқ екені анықталды. Алдымен вакцинаны Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.

Сонымен бірге дәрігерлер вакциналаудан кейін қандай сақтық шараларын ұстану керегін түсіндірді және егуден кейін вице-министрлер емханада жарты сағат дәрігерлер бақылауында болды.