20 Желтоқсан, 2013

Құттықтау жеделхатын жолдады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельдің Гер­мания Федералдық канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Германия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты өзара қарым-қатынастардың жаңа бастамалар арқасында одан әрі белсенді дами беретініне сенімін білдірген.

«Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлеріне зор денсаулық, ал герман халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.

Соңғы жаңалықтар