Әлем • 02 Ақпан, 2021

Англия ұшатын көліктер үшін әуежай салады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияда ұшатын көліктер үшін әуежай салынады, деп хабарлайды Еgemen.kz hi-tech сайтына сілтеме жасап

Англия ұшатын көліктер үшін әуежай салады

Англияның Ковентри қаласында әлем бойынша алғаш рет ұшатын көліктерге арналған әуежай салуға дайындық жүріп жатыр. Арнайы аэродром ұшатын көліктер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызмет көрсететін болады.

Бұл бағдарламаны Urban Air-Point британдық стартабы мойнына алып отыр. Urban Air-Point футуристік жобаның дизайнын жасауды да өз жауапкершілігіне алған.

Айта кетейік, бұл тұрақ кәдімгі әуежайдан 60%-ға кішірек болады. Оны бірнеше күнде салуға мүмкіндік бар. Ал қажет болған жағдайда құрылымды кез келген жерге ауыстыруға болады.  

Ай"та кетейік, жаңа әуежай 2028 жылға дейін жұмыс істейді. Жоба 1,2 миллион еуро көлемінде мемлекеттік грант алды.

 

Аида ОРАЛБЕК