Экология • 02 Ақпан, 2021

Мағзұм Мырзағалиев Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаны таныстырды

458 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2 ақпандағы үкімет отырысында Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өз ведомствасы әзірлеген Су ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның жобасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағзұм Мырзағалиев Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаны таныстырды

"Бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламаны ұлттық жобаға айналдыру жұмыстары жүргізілуде. Оның алты негізгі бағыт анықталды", - деді министр.

Біріншісі, су дипломатиясын нығайту үшін мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру.

Екіншісі, су ресурстарын цифрландыру,есепке алу және мониторингілеу. Нәтижесінде жүз он тоғыз (119) су арнасында цифрландыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, өзен ағынының ресурстарын айқындаудың ақпараттық жүйесі құрылады және т. б.

Үшіншісі, суды үнемдеу.Нәтижесінде заманауи су үнемдегіш технологиялар қолданылатын суармалы жердің көлемі екі жүз жиырма бір (221) мың гектардан төрт жүз жиырма мың (420) гектарға дейін ұлғаяды.

Төртіншісі, ирригациялық жүйелер мен құрылыстарды қалпына келтіру, жаңа су қоймаларын салу. Нәтижесінде шамамен екі мың (2000) километр магистралдық арналар реконструкцияланады. Одан бөлек жалпы көлемі сегіз жүз сексен бес миллион текше метр (885 млн. м3) болатын Жамбыл (3), Батыс-Қазақстан(2), Түркістан (1), Алматы (1) және Қызылорда облыстарында сегіз (8) жаңа су қоймасы салынады. Ал 2025-2030 жылдар ішінде тағы отыз бір (31) су қоймасы салынатын болады.

Бесіншісі, құқықтық базаны жаңарту. Осы жұмыстың аясында жаңа редакциядағы Су кодексі әзірленеді.

Алтыншысы, су саласының мамандарын қазіргі заманғы дағдылармен даярлау және ғылыми қамтамасыз ету.

Мағзұм Мырзағалиев "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына да тоқталып өтті.

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы жеті негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қала - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін төмендетуге қол жеткізуді, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ағымдағы он сегіз пайыздан (18%) отыз бес пайызға (35%) дейін арттыруды, сондай-ақ елдің жалпы ішкі өнімінің(ВВП) энергия сыйымдылығын азайтуды жоспарлап отырмыз", - дейді ол.

Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары ағымдағы жылдың бірінші (1) шілдесіне қарай аяқталады.

Орман қорындаекі (2) млрд. ағаш отырғызу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі барысына қоғамдық мониторингті жүзеге асыру мақсатында, Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта құру ұсынылады.

Қазір осы геопорталда орман өрттері мен заңсыз ағаш кесу мониторингі онлайн режимде жүзеге асырылуда. Геопортал «Ғарыш Сапары» компаниясымен бірлесіп пысықталатын болады.

Картада жылдар бойынша өңір-өңірге бөлінген ағаш отырғызу жоспарлары көрсетіледі.