Суицид • 29 Желтоқсан, 2024

Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысы сарайда асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады

Полиция оқиғаға байланысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері, психологтар және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда тергеу мүддесіне сай қосымша ақпарат жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар