28 желтоқсан күніҚырғызстанның құзырлы органдарының өкілдері Ақтауға барды. Елшілік қолдауымен олар зардап шеккен азаматтармен кездесіп, қажетті көмек көрсетті.
«Қазіргі уақытта 1998 жылы туған Қырғызстан азаматы А.Р.-ді арнайы жабдықталған ұшақпен тасымалдау ұйымдастырылып жатыр. Қалған зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Олар 30 желтоқсан күні Қырғызстанға қайтады. Сапар кезінде оларға құзырлы органдардың өкілдері мен жақын туыстары ілесіп жүреді», делінген ресми хабарламада.
Қырғызстан елшілігі зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесімен айналысып жатыр. Өтемақы көлемі жақын арада анықталып, тиісті тұлғаларға бағытталады.