Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Атырауда кілем тазалау цехы өртеніп кетті

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында кілем тазалау цехының ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Атырауда кілем тазалау цехы өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда таңғы сағат  07:18-де Атырау қаласының Жалаңтөс батыр көшесінде орналасқан кілем тазалау цехының ғимаратынан өрт шыққан.

«Шақыртумен оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер «Евразия» кілем жуу цехы ғимаратының шатыры өртенгенін анықтады. Өрт шарпыған аумақтың көлемі 104 шаршы метрді құрады. Жедел әрекет еткен өрт сөндірушілер жалынның тағы 221 шаршы метрге  таралуына жол бермей,  30 кілем мен 3 кілем жуғыш аппаратты қауіпсіз жерге шығарды»  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.