Құрманғазы ауданында тұратын 25 жастағы келіншек Атырау қаласына таксимен келген екен. Ол 30 қаңтарда «Өркен-1» шағын ауданынан шығып, «Вокзал маңы» шағын ауданына бармақ болған. Қасына 3 жастағы қызын ерткен. Алайда туыстары оның қызымен бірге жоғалғаны туралы полицияға хабар беріпті.
«Туыстарынан түскен шағымға байланысты жоғалған келіншек пен қызын іздестіру іс-шарасы қолға алынды. Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері облыс орталығының шағын аудандарындағы көше орамдарында орнатылған бейнекамералармен бақылау жүргізді. Соның нәтижесінде 31 қаңтарда кешкі сағат 22:05 шамасында «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан №6 үйдің маңынан іздестіру жарияланған азаматша мен оның қызы табылды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.