Әлем • 02 Ақпан, 2021

Өзбекстан түрік сериалдарын эфирден алып тастап жатыр

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда «Sevimli TV» арнасы эфирде бір жарым жыл жүрген «Қанатсыз құстар» (Kanatsız Kuşlar) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты деп хабарлайды Egemen.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан түрік сериалдарын эфирден алып тастап жатыр

19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен жиналыста кей телеарналардан шетел сериалдарының жиі көрсетілетіні айтылған.

«Sevimli TV» телеарнасы кино редакциясының бір қызметкерінің хабарлауынша, арна бағдарламасы өзгерген. Енді шетел сериалдарының орнына отандық фильмдер көрсетіледі. 29 қаңтарда телеарна «Қанатсыз құстар» (Kanatsız Kuşlar) түрік сериалын көрсетуді доғарған. Бұл сериал 2019 жылдан бері көрсетіліп келген. Бір жарым жылда өзбек көрермендері оның 91 сериясын көріп үлгерген. Олар фильмді эфирден алып тастағанын сынға алған.