Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоға зер салсақ, ішімдікке масайған ер адамның қолына пышақ ұстап, лифтке кіріп жатқанын байқауға болады.
Баласымен бірге лифтке кірмек болған әйел пышақ ұстаған ер адамды көріп, ойынан айнып, кірмеген.
Астана қаласының Полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.
«Астана қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Құқық бұзушыға қатысты бұзақылық әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді», деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі белгісіз біреу жасөспірімге әлімжеттік көрсеткенін хабарлаған едік. Аталған оқиға да тұрғын үйдің лифтінде болған.