Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Атырау облысында бройлер етін өндіретін кешен іске қосылады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жоба Махамбет ауданында іске қосылады дегелі біраз жылдың жүзі ауды. Тұрғындар алдында есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай​дың мәліметінше, биыл осы жобаны іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында бройлер етін өндіретін кешен іске қосылады

«Ауданда Индустрияландыру картасы аясында бірнеше жобаны іске қосу жоспарланды. Соның ішінде биыл жүзеге асатын «Meken Chiken» ЖШС-нің «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» жобасы да бар. Жобаның құны – 5,9 млрд теңге. Бұл жоба іске қосылғанда 79 адам жұмыспен қамтылады. Ал, «Жумағалиева» шаруа қожалығы​ жылыжай жобасын іске қосқалы ​отыр.​ Жылыжай жобасының құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жаңа жылыжайда 40 адам жұмысқа тартылатын көзделген. Қазір жылыжайдың құрылысы басталды. Оған 16 гектар жер учаскесі бөлінді», деді Мұқаш Зұлхарнай.

Оның айтуынша, былтыр Махамбет ауданында Индустрияландыру картасы аясында төрт жоба іске қосылған. Оның үшеуі «Бірінші мамыр» ЖШС-не тиесілі болып отыр. Бұл серіктестікте сүт өндіру зауыты, биогумус өндіру кешені мен сүт өңдеу фермасын кеңейту жобалары жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Сарайшық АТШ» ЖШС ешкі сүтін өндіру фермасын ашты. Аталған жобаларда ашылған жұмыс орындарына 125 адам тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025