Тұрақты негізде тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, нәтижесінде 581 бірлік тіркелген қару-жарақтарды азаматтар мен ұйымдар жоюға тапсырды.
– Азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау бөлімі барлық заңды және жеке тұлғалардың рұқсат беру жүйесінің ережелерін сақтауын бақылау бойынша жұмыстар жүргізуде. Алматы қаласында барлығы 47 мың 194 атыс қаруы мен газ қаруының жеке иесі тіркеуде, олардан 56 мың 750 бірлік қару тіркелген. Өткен жылы бөлімше қызметкерлері атыс қаруы мен газ қаруының жеке иелеріне 40 мың 130 тексеру жүргізіп, онда 1 мың 034 қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзу фактілері анықталды. Сонымен қатар, қабылданған шараларда 19 тіркелген қаруы бар 15 қару иесінің орналасқан жері анықталды. Осы фактілер бойынша құқық бұзушылар ҚР ӘҚбК-нің 486-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Айналымнан 585 қару тәркіленді, оның 14-і заңсыз сақталған. Сонымен қатар, өткен жылы азаматтық қаруды ұрлауға жол берілмеген.
– 2020 жылы АҚҚАББ азаматтарға 8 мың 605 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 8 мың 459-ы “E-лицензиялау” арқылы. Барлық мемлекеттік қызметтер тек электронды түрде көрсетіледі, – деп түйіндеді Мұраталиев.