20 Желтоқсан, 2013

Берері мол басқосу

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы «Пекин Палас» қонақ үйінде «Отандық БАҚ және интернет-ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты семинар-тренинг өтті. Оған отандық БАҚ өкілдері мен Ресей, Армения, Әзербайжан сынды елдерден келген сала мамандары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков арнайы құттықтау сөзбен ашты.

 

Астанадағы «Пекин Палас» қонақ үйінде «Отандық БАҚ және интернет-ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты семинар-тренинг өтті. Оған отандық БАҚ өкілдері мен Ресей, Армения, Әзербайжан сынды елдерден келген сала мамандары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков арнайы құттықтау сөзбен ашты.

Комитет басшысы өз сөзінде басқосуға қатысып отырған барша қонақтарға ризашылығын білдіре келе, елімізде интернетті пайдаланушылар санының он миллионнан асқанын жеткізді. Сондай-ақ, ол соңғы он жылда әлемде интернетті пайдаланушылардың саны бес есеге дейін күрт өскенін және елімізде де қарқынды дамып келе жатқанын назардан тыс қалдырмады.

Салаға байланысты көп пікірі ортаға салынған бұл жиында Армениядан келген өкіл Арам Сафарян ақпараттық сайты жайында кеңінен әңгімелесе, әзербайжандық маман Гюльнара Мамедзаде тәжірибе алмасуда осындай отырыстардың маңыздылығы ерекше екенін айта келе, алдағы уақытта осы сынды басқосулар жиірек болса деген ниетін жеткізді.

«Қазақ ақпарат» ҰК» АҚ басшысы Дәурен Дияров тарихы тоқсан жылдан асатын еліміздегі ірі ақпарат агенттігі жайына тоқталды. «Бүгінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар тарататын агенттік, қазақ тілінде төте жазу, латын әліпбиі мен кириллица сынды үш вариантта да оқырмандарды қамтамасыз етіп отырмыз. Келер жылдан бастап қытай тілінде, ал 2015 жылдан араб, испан, тілдерінде хабар таратуды жоспарлаудамыз. Сөйтіп, бұйыртса, әлемнің көптеген оқырмандары біздің сайтты оқиды деген ниеттеміз», деді ол. Сонымен қатар, ол агенттік журналистерінің шетелдерде тәжірибе алмасуларын қолға алғанын айта келе, келер жылы Корея мен Испанияда тілшілер қосынын ашуды көздеп отырғандарын да тілге тиек етті.

Отырыстағы пікір алмасуларда қазіргі таңда сарапшылар мәселесі де сөз болмай қалмады. Бұл тұрғыда сарапшы мамандар жоқтың қасы деген пікірлерге «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің директоры Дәурен Сәкенұлы өзінің келіспейтіндігін айта келе, ол экономика, журналис­тика саласында танымал сарапшылар бар екендігіне сенімділігін жеткізді. Сондай-ақ, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім, «Kazakstan today» ЖШС бас директоры Тимур Құбатов та өздерінің семинар тақырыбына қатысты ойларын білдірді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар