Әлем • 03 Ақпан, 2021

Қытай Ресеймен COVID-19 вакцинасы бойынша серіктесуге ниетті

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың сыртқы істер министрлігі Ресеймен COVID-19-ға қарсы вакциналар мәселесінде серіктесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытай Ресеймен COVID-19 вакцинасы бойынша серіктесуге ниетті

Бұған дейін Ресей Федерациясының елшісі Андрей Денисов журналистерге Ресей мен Қытайда COVID-19-қа қарсы вакцинаның егілгенін растайтын екіжақты құжат туралы келісімге келу керектігін айтқан еді.

Осылайша, елші Қытайда вакцина ектіргендер Ресейдің санитар дәрігерлеріне өздерінің денсаулықтары жақсы екенін айта алады, яки керісінше тоқтамға келеді.
«Вакцина − эпидемияға қарсы күресте күшті қару. Қытай тарапы вакциналарға қатысты барлық елдермен серіктесуге, соның ішінде Ресеймен де тығыз байланыс орнатуға дайын», делінген хабарламада.
Ресей Федерациясының елшісі бұл халықаралық-құқықтық сипаттағы мәселелер екенін, алайда шекара арқылы келетін адамдардың көп болуына байланысты бұл мәселенің алдағы таңда шешімін табатынына сенім білдірді.

Аида ОРАЛБЕК