20 Желтоқсан, 2013

Оңтүстікте мұнай ұрлаған 15 адам сотталды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 12-nehОңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлады деп айыпталған 15 адам сотталды. Ұйымдасқан топ жарты жылда 400 тонна шикізатты қолды қылған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қылмыстық топ мүшелері «Павлодар-Шымкент» мұнай қыбыры арқылы өтетін «қара алтынға» қол салған екен. Жалпы, осы іс бойынша айыпталғандар – 16 адам. Соның ішіндегі 5-і жергілікті жердегі асфальт-бетон зауытының еңбеккерлері. Аталған құбырды бақылайтын «Семсер-секьюрити» серіктестігі басшылары да жазаға тартылды. Сот үкімімен қылмыстық топ жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы 1 айыпкер 5 жылға сотталса, 7 адам 5 жыл 3 айды арқалады, 6 адам 2 жылға шартты жазаға кесілді. Ал қылмысқа қатысы бар деген 1 азамат тергеу ісіне көмектескені, шығынды өтегені үшін сот залынан босатылды.

«Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп айып тағылған 11 адам. Одан бөлек анықталмаған бірнеше тұлғалар бар. Қазір оларға іздеу жарияланды»,-дейді Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Жергілікті өңірде орын алған осы мұнай ұрлығынан «Қазтрансойл» АҚ-ға 17 млн. теңге залал келген. Қылмыстық топтың бұл әрекетін қаржы полициясының өкілдері әшкерелепті.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: mk-turkey.ru

Соңғы жаңалықтар